https://t.me/ortcom_kz/7498
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл: «Коронавирус жұқпасының алдын алудың ең тиімді және ең маңызды алдын алу шараларының бірі вакцинация болып табылады. Бүгінгі күні қолданылып жүрген вакциналар коронавирустың мутацияға ұшыраған жаңа штамдарына қарсы тиімді екендігі дәлелденіп отыр. Қолда бар ресми деректерге сүйенсек, екі компонентпен егілгенде вакцинаның тиімділігі артады. «Спутник V», «QazVac», «Hayat-Vax», «CoronaVac» вакциналарының жабайы штамға қарсы тиімділігі жоғары».