VII шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясы

VII шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясы

2021 жылғы 3 тамызда Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Шемонаиха ауданының әкімінің міндетін атқарушы Б.К. Молдаханов, аудан басқармалары мен бөлімдерінің басшылары, Шемонаиха ауданының партия және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Шемонаиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 60/2-VI «2021-2023 жылдарға арналған Шемонаиха ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.М.Самойлова сөз сөйледі, онда республикалық бюджет есебінен ағымдағы нысаналы трансферттерді, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жеке кірістерін нақтылау туралы ақпарат берілді.
Шемонаиха аудандық мәслихатының регламенті бекітілді. Сондай-ақ ауданның кейбір комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу бойынша мәселелер қарастырылды.
Барлық қарастырылған мәселелер бойынша бірауыздан шешімдер қабылданды.