Шемонаиха ауданында Автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша мониторинг жүргізді

Шемонаиха ауданында Автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша мониторинг жүргізді

«Shygys – adaldyq alany» жобасы аясында «Shemonaiha–adaldyq alany» жобалық кеңсесінің жетекшісі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Каменев ауылдық округінің әкімімен бірлесіп, Шемонаиха ауданында Автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша мониторинг жүргізді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Каменев ауылдық округінің Рассыпное ауылының (Северная және Школьная көшелері) көшелерін орташа жөндеуге аудандық бюджет қаражатынан 20,0 млн.теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша «Ремдор» ЖШС мердігерлік ұйымы анықталды. Бүгінгі күні Школьная көшесінде жұмыстар жүргізілуде.