ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл

https://t.me/ortcom_kz/7503

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл: 

Вакцина салдырған соң адам 2 жылдан соң қайтыс болады. Бұл фейк ақпарат. Осындай жалған ақпараттың көп таралуының салдарынан вакцинацияға деген көзқарас дұрыс болмай отыр. Вакцинация денсаулық сақтау саласында бірінші жыл қолданылып жатқан жоқ. Балалар қызылша, қызамыққа, пневмококк жұқпасына қарсы егіледі. Олардың тиімділігі дәлелденген, көрсетілген. Ал коронавирусқа келсек, бұл вакцинаны қолданып жатқанымызға жарты жыл ғана уақыт болды, ол өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Израиль, АҚШ елдерінде қолданыла бастады. Ал ревакцинация жүргізу қажет пе, жоқ па, бұл бойынша нақты деректер жоқ. Бұл әлі зерттеліп жатқан дүние. Вакцина салдырған адамдардың, соның ішінде ауырған адамдар санының өте төмен болуы да бұл ақпараттың фейк екендігін дәлелдейді. Яғни, вакцинацияның індеттің алдын алудағы тиімділігі жоғары.