https://t.me/ortcom_kz/7507
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл:
Вакцина салдарынан белгілі бір жағдай орын алса, бірнеше жауапкершілік қарастырылған. Тәуелсіз сараптамалық комиссия әр салада арнайы тексеру жүргізеді. Эпидемиологиялық қадағалаудың ең басты мақсаты – фармакологиялық қадағалау. Вакцинациядан кейін тіркелген әр реакцияға тергеу жүргізіледі. Біріншіден, вакцинаға зерттеу жүргізілгенде, орын алған жағдайға вакцина себеп болса, оның өндірушісі жауапқа тартылады. Егер қателік дәрігерден кетсе, оған да арнайы шара қолданылады. Кейбір жағдайда, вакцинаны клиникалық зерттеу барысында тіркелген өте сирек кездесетін белгілер де орын алуы мүмкін.