Көктем-жаз кезеңінде өрт себебі терек мамығын жандыру болуы мүмкін

Көктем-жаз кезеңінде өрт себебі терек мамығын жандыру болуы мүмкін

Балалардың көбісі терек мамығын жандырып көңіл көтеруді ұнатады. Оларға жалынның ақ түсті кілемде қалай оңай жүретінін көру қызықты. Бірақ адамдар мұндай ойын үлкен өртке әкелуі мүмкін деп  ойламайды.  Сонымен қатар, балар ғана емес ересектер де сөндірілмеген сіріңке мен темекіні тастау арқылы терек мамығының жану қаупін тудырады.

Терек мамығы жеңіл жанданып, барлық бағыттарда бір мезетте өртеніп кетеді.  

Солай, 2021 жылдың 08 маусымында Шемонаиха қаласы. Дружбы кошесі 15 уйінде өрт болды, өрт садарынан жалпы ауданы 70 шар.м. болатын үйдің шаруашылық құрылымы мен тұрғын үйдің шатыры жанып кетті. Өрттің шығу себебі: Тұрғындардың отты пайдалану кезіндегі абайсыздық, атап айтқанда жар бетіндегі  (үйдің ауласынан тыс) терек мамығы жанып шаруашылық құрылымдардың қабырғасы мен тұрғын үйдің шатырына жанудың ауысуы.

Шемонаиха ауданының төтенше жағдайлар бөлімі өрт болуын алдын алу мақсатында қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға қатал ескертеді:

  • жасөспірімдер мен балаларға мамық жағумен байланысты ойындар ойнауға жол бермеу;
  • балаларға терек мамығын жандыруға жол бермеу туралы түсіндіру;
  • мамық жиналатын жерлер, әсіресе ағаш ғимараттары маңайын үнемі тазалау;
  • мекемелер мен ұйымдарда шылым шегу режиміне бақылау жасап, қоқыстарды жандыруға тыйым салу.

Шемонаиха ауданының ТЖБ