Вакцинация туралы сайт іске қосылды - Өскемен

Вакцинация туралы сайт іске қосылды - Өскемен

Сайтта қай клиникаларда қандай және қанша доза вакцина жеткізілгені туралы ақпаратты көре аласыз, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Vaccine-uk.kz сайтын қала әкімдігі әзірлеп, іске қосты. Ол жерде тұрғындарға қажетті барлық ақпараттар ұсынылып отыр. Атап айтқанда, егуі пункттерінің мекенжайы, жедел желі нөмірлері, коронавирусқа қарсы вакцинацияның түрлері мен сипаттамалары, сондай-ақ клиникаларға жеткізілген вакциналар мен қазіргі уақытта қалған екпелер санын көре аласыз.

Қала әкімдігінің мәліметінше, деректер үнемі жаңарып отыратын болады.

Сонымен қатар, қала тұрғындарына тағы бір тиімділігі сайт арқылы үйіңізге немесе жұмысыңызға жақын жердегі емханаға вакцина алуға жазыла аласыз. Өтінішіңізді жібергеннен кейін егу пунктінің қызметкері сізге хабарласып екпе алуға шақырады.

https://altaynews.kz/kz/detail-vaktsinatsiya-turaly-sayt-iske-osyldy-skemen/