Вакцина алғандар «жасыл» статусқа ие болды

Вакцина алғандар «жасыл» статусқа ие болды

Вакцина алған 200 мың азамат Ashyq қосымшасында «жасыл» статусқа ие болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин мәлім етті.

- Вакцина алған 200 мың азамат Ashyq қосымшасында жасыл статусқа ие болды. Осылайша екпенің екі компонентін алған барлық кісіге аптаның соңына дейін тиісті мәртебені беруді жоспарлап отырмыз, - деді министр.

Аталмыш қосымша карантин шаралары кезінде жұмысын жалғастыра алуы үшін ойлап табылған еді. Келушілер Ashyq арқылы QR-кодты сканерлеп, статусын көрсетеді.

1 шілдеге дейін Ashyq қосымшасы вакцинациядан өткен қазақстандықтардың базасымен біріктіріледі деп хабарланған болатын.

https://altaynews.kz/kz/detail-vaktsina-al-andar-zhasyl-status-a-ie-boldy/