Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой: "Вакцинация өз қарқынымен жүріп жатыр,..

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой: "Вакцинация өз қарқынымен жүріп жатыр,..

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой: "Вакцинация өз қарқынымен жүріп жатыр, орта есеппен 1 және 2 компонентті енгізу арасындағы аралық 45 күнді құрайды. Екінші компонентпен 45-ші күні вакцинация жүргізу мүмкін болмаған жағдайда (демалыс, мереке күндеріне сәйкес келу, басқа елді мекенге шығу) азаматтар екпе алған жері бойынша өз өтініштеріне жүгініп, 21-ші күні екінші компонентті ала алады. Бұл үшін вакциналар жеткілікті.

❗️❗️

Вакцинаның бірінші компоненті-бұл бізге қажет иммунитетті тудыратын вакцинаның негізгі компоненті екенін түсіну керек. Одан әрі оны бекіту және шамалы арттыру үшін вакцинация мерзімін бекіту және ұзарту үшін екінші компонент енгізіледі. Сондықтан пандемия кезеңінде тек Қазақстанда ғана емес, Ұлыбритания, Франция, Чехия, Канада, Италия сияқты елдерде вакциналардың дозалары арасындағы аралықты ұлғайту туралы шешім қабылданды. Бұл бірқатар белгілі вакциналарға да қатысты - "Pfizer/BioNTech", "Moderna", "Vaxzeria", оларға қатысты дозалар арасындағы аралықтарды ұлғайтуға жол беріледі".

t.me/ortcom_kz/6366