Қазақстандық QazVac (QazCovid-in) вакцинасын сақтау үшін арнайы жағдай талап етілмейді

Қазақстандық QazVac (QazCovid-in) вакцинасын сақтау үшін арнайы жағдай талап етілмейді

https://www.instagram.com/p/CNFXo5SlCGO/

🧪Қазақстандық QazVac (QazCovid-in) вакцинасын сақтау үшін арнайы жағдай талап етілмейді. Вакцинаны тоңазытқышта +2 градустан +8 °С-қа дейінгі температурада сақтауға және тасымалдауға болады.

🧪Вакцинаны өндіру мен сақтау үрдістерінің қарапайымдылығы қолданыстағы логистикалық жүйені пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстан сияқты кең-байтақ аумақты қамтыған мемлекеттер үшін вакцинаны барлық өңірге жеткізуде өте қолайлы. Сондай-ақ QazVac (QazCovid-in) вакцинасымен қуаттылығы жоғары мұздатқыш камералары жоқ шалғай елді-мекендерде жұмыс істеуге болады.

🧪Қазақстандық вакцина тасымалдау кезінде өте тиімді. Ал, шетелдік препараттар болса, сақтау мен тасымалдауда төмен температураны қажет етеді.