Мотокөлік құралдарын қауіпсіз жүргізу бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстары

Мотокөлік құралдарын қауіпсіз жүргізу бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстары

Құрметті Шемонаиха ауданының тұрғындары, соңғы жылдары аудан аумағында мотокөлік құралдарының (мотоциклдер, мопедтер) саны айтарлықтай өсті.

2020 жылы 5 жол көлік оқиғасы орын алды, оның ішінде 3 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды, оның ішінде біздің ауданда 2 ЖКО болды, 2 адам қаза тапты.

Мотокөлік құралдарын (мопедтерді) кәмелетке толмаған жасөспірімдер, қорғаныс құралдары жоқ балалар басқаратындығына, олардың жол-көлік оқиғаларының құрбанына айналулары мүмкін екендігіне ата-аналардың назарын аударғым келеді, өйткені олар жол қозғалысының барлық қатысушыларымен бірге қозғалады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі «Жол жүрісі туралы» Заңының 64-бабына сәйкес уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуге жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын мотоциклдер, трициклдер, квадроциклдер мен мопедтер жатады. Сондай-ақ жоғарыда аталған Заңның 73 бабына сәйкес мотоциклдерді, трициклдерді, квадроциклдерді мен мопедтерді басқаруға «А1, В1» санатына ие, жүргізуші куәліктері бар адамдар жіберіледі, «А1» кіші санаты – ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын, іштен жану қозғалтқышының жұмыс көлемі бір жүз жиырма бес текше сантиметрден аспайтын және ең жоғары қуаты он бір киловаттан аспайтын мотоциклдер, трициклдер, квадрициклдер және мопедтер;

«В1» кіші санаты – трициклдер мен квадрициклдер;

17.04.2014 жылғы Жол қозғалысы туралы Заңының 1-б 1-тарауына сәйкес, мопед – цилиндрінің көлемі елу текше сантиметрден аспайтын іштен жану қозғалтқышымен не электрлі қозғалтқышпен жабдықталған және ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден аспайтын екі немесе үш дөңгелекті көлік құралы. Мопедтерге аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер, мокиктер, скутерлер және осыған ұқсас сипаттамалары бар басқа да көлік құралдары теңестіріледі;

Мотоцикл – қозғалтқышы бар, бүйiр тiркемесiмен немесе онсыз екі дөңгелекті механикалық көлiк құралы. Мотоциклдерге жүктемесіз салмағы төрт жүз килограмнан аспайтын үш және төрт дөңгелекті көлiк құралдары, цилиндрінің көлемі елу текше сантиметрден асатын скутерлер және осыған ұқсас сипаттамалары бар басқа да көлік құралдары теңестіріледі; ҚР ӘҚБтК 612б 2б - көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның, сол сияқты тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы – жиырма (20 АЕК) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Шемонаиха АПБ ЖПҚБ