Өрт қауіпсіздік ережелерінің негізгі талаптарын сақтаңыздар!

Өрт қауіпсіздік ережелерінің негізгі талаптарын сақтаңыздар!

Тәжірибеге сүйенсек, қыс кезінде болатын өрттердің көп бөлігі тұрғын секторында   пешке от жағу жүйелерін пайдалу кезінде өрт қауіпсіздік нормалары мен ережелерін бұзу салдарынан пайда болады.

Шемонаиха ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі пешке от жағу жүйелеріне қатысты өрт қауіпсіздік ережелерінің негізгі талаптарын ұсынамыз:

  • Бұзылған от жағу пештерін пайдалануға болмайды;
  • Пештер мен басқа жағу аспаптары өртке қарсы нормаларымен орнатылған жанғыш құрылыстарынан бөлінген және бос жерлері болуы қажет, сондай-ақ пеш маңындағы металл беттердің өлшемі 50х70 см кем болмауы қажет (жанғыш еденде);
  • Түтін жолдары мен пешті от жағу кезеңі басталғанда, сондай-ақ бүкіл кезең ішінде тазалау қажет: от жағу пештерін 3 айда 1 реттен кем емес; үздіксіз жұмыс істейтін пештерді 2 айда  1 реттен кем емес; асхана плиталары мен басқа-да үздіксіз (ұзақ уақыт бойы) жағылатын пештерді айына 1 реттен кем емес тексеру;
  • От жағатын пешті пайдалану кезінде рұқсат етілмейді:

- жағылған пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ  оларға  бақылау жасауды жас сәбилерге тапсыруға болмайды;

- пеш маңындағы қорғаныш бетіне отын, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды  орналастыруға болмайды;

- Пешке тамыздық ретінде бензин, керосин, дизельді отын мен басқа да ТТСжЖС пайдалануға тыйым салынады;

- арнайы түрлеріне арналмаған пештерді   көмір, кокс және газбен жағуға болмайды.

- көпшілік жиынды шаралар өткізілген орындарда пешке от жағуға болмайды;

- желдетуге және газға арналған арналарды түтін шығатын жол ретінде пайдалануға болмайды;

- пешті өте қатты қыздыруға тыйым салынады.

  • Пештен шығарылған күл мен шлакқа су құйып сөндіру қажет және олар арнайы дайындалған қауіпсіз орынға апарып тасталады.

Азаматтар! Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау ғана Сізге  өрттін алдын алуға, дүние- мүлкіңізді сақтауға және өз өміріңізге  жазатайым қауіп тудыратын жағдайлардан  аман қалуға көмектеседі!

Шемонаиха ауданының ТЖБ