Көп пәтерлі үйлердегі өрт қауіпсіздігі

Көп пәтерлі үйлердегі өрт қауіпсіздігі

2021 жылғы 07 сәуірінде Шемонаиха ауданының ТЖБ қызметкерлері тұрғын үй секторында алдын алу жұмыстарын күшейту мәселесі бойынша, тұрғын үй ұйымдарының (ЖМК) басшыларымен «Көп пәтерлі үйлердегі өрт қауіпсіздігі» тақырыбы бойынша оқыту семинары өткізді. Семинар барысында тұрғын үй ұйымдарының басшыларына өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары туралы ақпарат берілді.

1. Баспалдақ алаңдарында және үйдің кіреберісінде, марштар астында сақтау бөлмелерін ұйымдастырмау;

2. зақымданған немесе оқшаулаудың қорғаныс қасиетін жоғалтқан сымдар мен кабельдері бар электр құрылғыларын және электр жабдықтарын пайдаланбау;

3. Электр желісіне бір мезетте бірнеше қуатты электр құралдарын қоспау, бұл оңың шамадан тыс жүктемесіне әкеліп өрт шығуына себеп болады;

4. Төсекте темекі шегуге жол бермеңіз, сөндірілмеген сіріңке мен темекі тұқылын тастамаңыз;

5. Тұрғын үйіңізге, саяжайға, құрылыстарға жағын орналасқан контейнерлерді және басқа жанғыш материалдарды қоқыстардан тазартыңыз. Бұл өрттің шығуын және оның тұрғын үйлерге немесе құрылыстарға тез таралуын болдырмайды;

6. Тұрғын үйлердің, саяжайлардың, басқа үйлердің аумағында от жағуға тыйым салынады.

Азаматтар! Үйлеріңізді өрттен сақтаңыз!

Өрт болған жағдайда шұғыл түрде 101,112 телефон нөмірі арқылы өрт сөндіру қызметін шақырыңыз!

Шемонаиха ауданының ТЖБ