Жылу беру кезеңінде өрттер мен адамдар өлімінің алдына алу мақсатында пешпен жылытылатын тұрғын үй секторында Шемонаиха ауданының ТЖБ және 28-ӨСБ қызметкерлерімен бірлескен үгіт-профилақтикалық іс-шаралары жалғасуда. Бұл іс-шара бүкіл жылу беру маусымында өткізіледі.
Шемонаиха ауданының төтенше жағдайлар бөлімі пешті жылытуға арналған өрт қауіпсіздігі ережелері мен негізгі талаптарды халықтың есіне салады:
- шатырдағы түтін шығатын құбырларды жағып және ақтап, жылыту пештерде түтін шығатын құбырлар күйдірілген кірпіштер мен ыстыққа төзімді бетонмен қапталуы кажет.
Қатаң түрде тыйым салынады:
- Пештерде жарылымдар болса, есікшелерінде ақаулық болса, қабырғадағы ағаш құрылым, бөлімдер мен едендердің арасында жеткіліксіз ара қашықтық болса қолдануға болмайды (ара қашықтық 38 см кем болмау керек);
- Тез жанатын және жанғыш сұйықтықтармен пешті жағуға (жанармай, керосин және т.б.)
- Пешті жағу кезінде пештің оттығынан ұзын отындарды жағуға;
- Пешті ашық есігімен жағуға;
- Пешті қатты қыздырып, сондай-ақ, пештін үстінде немесе жақын жерде отын, киім кептіріп және басқа да жанғыш заттарды орналастыруға;
- Жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыру, және де жас баларға қарауды тапсыруға.
- Пештің тесігінің жиһазға, төсек орынға және басқа да жанғыш құрылғыларға дейінгі қашықтықты қадағалаңыз. Ара қашықтық 1,25 м-ден кем болмау тиіс.
- Есіңізде болсын: түтінді шығару үшін қатаң түрде тек тік мұржаларды қолдану керек. Кірпіштен жасалған түтін арналарының қабырғасының қалыңдығы 120 мм-ден кем болмауы керек.
- Пегтің алдындағы парақтың өлшемі 70х50 см-ден кем болмау тиіс.
Шемонаиха ауданының ТЖБ тұрғындарға өрт қауіпсіздігін қатаң түрде сақтауын сұрайды, бұл сіздің үйіңіздегі қиындықтардан аулақ болуға көмектеседі.