Егер сіз коронавирустан емделіп шықсаңыз, бір жерде отырмаңыз, донор болыңыз, сіздің қаныңыз басқа біреудің өмірін құтқара алады

Егер сіз коронавирустан емделіп шықсаңыз, бір жерде отырмаңыз, донор болыңыз, сіздің қаныңыз басқа біреудің өмірін құтқара алады

Коронавирустан емделіп шыққан адамдардың қанында ауру жұқтырған пациенттерді емдеуде әлеуетті түрде көмектесетін антиденелер бар.
Емделіп шыққан адамдардан алынған плазманы құю кез-келген инфекциялық ауруларды емдеудің тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады.
Ауру барысында адам организмінің иммундық күші белсендіріледі және онда ауру қоздырғыштарына қарсы антиденелер өңдіріледі. Сауыққаннан кейін бұл антиденелер қан плазмасында қалады. Сондықтан оны ауыр халдегі науқасты емдеу үшін пайдалануға болады.
Бұл ретте, науқастарда өз иммундық жүйесін толық іске қосуға және антиденелердің пайда болуына дейінгі уақытты ұтып алуға мүмкіндік беретін пассивті иммунитет пайда болады.
Емделіп шыққандар қатарынандағы еріктілер сауыққаннан кейін 14 күн өткен соң плазманы тапсыруға шақырылатын болады.
Плазма бір донордан плазманың 2-3 емдік дозасын бірден алуға мүмкіндік беретін аппараттық әдіспен алынады. Бұл өте қарапайым және қауіпсіз процесс.
Қалыптасқан жағдайда донорлардың көмегі айрықша маңызды. Осы пандемияны біз бірге ғана жеңе аламыз.
Қазіргі таңда коронавирусқа шалдыққан адамдардың өмірі сіздің қолыңызда, шетте қалмаңыз. Сіздің плазмаңыз – бұл құтқарылған өмір!
Донор болғысы келетіндер науқастарға және мұқтаж жандарға көмектесу үшін  келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: 8(723 32) 3-06-35,  8(723 32) 3-23-23