Қыста су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары

Қыста су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары

Су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың және адамдардың өлімінің алдын алу мақсатында Шемонаиха ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында 19 рейд жүргізді, мұзда өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау туралы 210 нұсқаулық өткізіліп, 336 жадынама таратылды.
Құрметті Шемонаиха ауданының тұрғындары мен қонақтары, Сізден су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын сақтауыңызды сұраймыз, қысқы кезеңде бірінші кезекте: тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көріну кезінде мұзға шықпау; жұқа және бекітілмеген мұз учаскелеріне шықпау; мұздың жекелеген учаскелерінде топтармен жиналмау; мұздағы шұңқырларға, жарықтарға, ойықтарға жақындамау; автомобильдермен өткелдерген тыс жерлерге шықпау. Мұз астынан балық аулауға қатысушыларға балық аулауды жеке құтқару құралдары болған кезде ғана жүзеге асыру қажет, шектеулі алаңда екіден артық тесік тесуге және от жағуға жол берілмейді, сондай-ақ өткелдерде балық аулауға арналған торларды орнатуға және тесік тесуге жол берілмейд.
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 101, 112 телефондарына қоңырау шалу қажет.

Шемонаиха ауданының ТЖБ