Шемонаиха ауданының ТЖБ пешпен жылыту жүйесін пайдалану кезінде келесі негізгі ережелерді сақтауды ұсынады:
![Шемонаиха ауданының ТЖБ пешпен жылыту жүйесін пайдалану кезінде келесі негізгі ережелерді сақтауды ұсынады:]()
- жылыту маусымы басталар алдында пештер мен мұржаларды тазалап, жөндеп, әктеп, жарықтарын бітеу қажет;
- пеш пен түтін құбырының ағаш шатыр немесе қабатаралық жабындармен түйісетін жерлерінде кірпіш қалау қалыңдатылып, өртке қарсы бөлік жасалуы тиіс, сондай-ақ олардың арасында ауа саңылауын қалдыру қажет;
- оттықтың алдындағы ағаш еденге өлшемі кемінде 50х70 см болатын металл (пеш алдындағы) парақ қағылуы тиіс;
- пештің үстінде киім-кешек пен дымқыл отынды кептірмеңіз, сондай-ақ жиһаз бен перделердің жанып тұрған пештен кемінде жарты метр қашықтықта орналасуын қадағалаңыз;
- ешбір жағдайда пешті ұзындығы жағынан оттыққа толық сыймайтын отынмен жағуға болмайды, өйткені отын бойымен жалын сыртқа шығып, жақын маңдағы заттарға, еденге және қабырғаларға таралуы мүмкін.
Шемонаиха ауданының ТЖБ