ХАБАРЛАНДЫРУ қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы

2026 жылғы 24 шілде сағат 11.00 Өскемен қаласы әкімдігінің  ғимаратында (акт залы)  Пермитин көшесі 17,  Шығыс Қазақстан облысының 2026-2028  жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша ашық жиналыс түріндегі қоғамдық тыңдаулар өткізу жоспарлануда.

Қатысушыларды тіркеу жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жүргізіледі.

Аудандар Zoom платформасындағы бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн режимінде қосыла алады.

Конференцияға қатысу үшін төмендегі сілтеме арқылы өту қажет

https://us02web.zoom.us/j/85720250988?pwd=yedP7azv8GO8fvP6WfRae5oelxfLxh.1

Конференция сәйкестендіргіші: 857 2025 0988

Құпиясөз: 718266

Конференцияға қосылу мәселелері бойынша тапсырыс берушінің және әзірлеушінің  телефондары арқылы хабарласуға болады: «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, Өскемен қаласы, Б. Керімбаев көшесі, 19, БСН 050240003842, тел. 8/705/176-11-82, ai.musabaeva@akimvko.gov.kz.

Жергілікті атқарушы орган – «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, тел. 8(7232)25-72-06

Жоба бойынша құжаттамалар Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі сайтында https://ndbecology.gov.kz/  және жергілікті атқарушы органның  https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tabigat/ сайтында, «Қоғамдық тыңдаулар» бөлімінде жарияланған.  

Ақпарат алуға және құжаттар көшірмесімен 8(7232) 25-93-55 телефоны және ai.musabaeva@akimvko.gov.kz   электрондық мекенжайы арқылы танысуға болады.

Мүдделі жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстары тыңдаулар басталатын күнге  дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей мына мекенжай бойынша қабылданады: Өскемен қаласы, Б. Керімбаев көшесі, 19, тел. 8(7232) 25-93-55, ai.musabaeva@akimvko.gov.kz.