Сіздің плазмаңыз өмірді сақтап қала алады!

Сіздің плазмаңыз өмірді сақтап қала алады!

Плазма қан орталығында алынады, ол үшін арнайы медициналық аппарат қолданылады. Бұл өте қарапайым және қауіпсіз процесс.
КВИ-мен ауырған барлық адамдар иммундық плазма донорлары бола алмайды. Донор белгілі бір талаптарға сәйкес келуі тиіс: COVID-19 инфекциясы туралы медициналық қорытындының болуы, COVID-19, АИТВ, В және С гепатиттері, мерезге теріс талдаулар. Еріктілер толық сауыққаннан кейін он төрт күн өткен соң плазма тапсыруға шақырылады.
Қазір короновируспен ауыратын адамдардың өмірі сіздің қолыңызда, шетте қалмаңыз. Сіздің плазмаңыз, бұл құтқарылған өмір! Донор болғысы келетіндер науқастар мен мұқтаждарға көмектесу үшін телефон нөмірлеріне жүгіне алады 8 (72332) 3-06-35, 8 (72332) 3-23-23.