Қалай плазма тапсырамын?

Қалай плазма тапсырамын?

Короновирустың орташа және ауыр түрімен ауырып, одан сауығып шыққан кез келген кәмелеттік жасқа толған адам донор бола алады. Ең бастысы, аурудан айыққанына кем дегенде екі апта өтсе болғаны. Плазма тапсырып, дәрігерлерге көмек көрсету үшін жергілікті мекенжай бойынша ОДА-ға барып, антиденеге тест тапсыру керек.
Бұдан соң емханалық-биохимиялық көрсеткіш пен қан тобыңызды анықтауыңыз қажет. Егер сараптама қорытындысы оң болса, плазмаға тапсыруға жібереді.
Иммундық плазма донорлығы мәселелері бойынша қоңыраулар 3-06-35, 3-23-23 телефон нөмірлері бойынша қабылданады.