Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік

Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес әлеуметтік бағдарламалардың приоритетінде, 2025 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңы қабылданған, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2024 жылғы 15 сәуірде еңгізілген өзгерістермен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау құқық бұзушылықтар қылмыстық құқық бұзушылық қатарына жатқызылып, Қылмыстық кодексінің 108-1,109-1-баптарымен жауапкершілік көзделген.  

2026 жылдың басынан Шемонаиха аудандық сотына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексітнің 73-бабымен 96 іс түсіп, оның 47 ісі тараптардың татуласына байланысты тоқталған, Қылмыстық кодексін 109-1, 108-1- баптарымен қылмыстық іс түспеген. 

Осы саладағы құқық бұзушылықтардың жасырынды бөлігі барын ескергенде, бұл елеулі сан.

Қылмыстық кодексінің, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің нормалары зорлық-зомбылық жасалғаннан кейін ғана қолданылады, алдын алып қолданылуы көрсетілмеген.

Осы орайда полиция бөлімінің қоғамдық қауыпсіздік қызметінің рөлі өте зор,  Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңы шеңберінде олар құқық бұзушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізеді, қорғау нұсқамасын қолданады, сотқа құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы өтініш хат түсіреді, тағы басқа шаралар.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықты жоюға, заң номарларынан бөлек, тұрмыстағы мәдениеттің өзгеруі, шыдамдылық танытпау, жәберленушілерге әлеуметтік қолдау көрсету ықпалын тигізеді.

 

Шемонаиха аудандық сотының

төрайымы                                                          А.М.Амреева