
Жыл сайын ақпан айының алғашқы бейсенбісінде Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі.
Осы күні біз құрметті қонақтарымызды — өздерінің көпжылдық еңбегімен ауданның сайлау органдарының қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан, Қазақстанның бүкіл сайлау жүйесінің ажырамас бөлігі болған азаматтарды шақырдық.
Ауданның сайлау жүйесі ардагерлерін құрметтеу шарасына аудан әкімінің орынбасары С.М. Аманбеков пен аудан әкімі аппаратының басшысы Л.Е. Марченко қатысты. Іс-шара барысында ауданның сайлау органдарының қалыптасу және даму тарихы айтылып, іске адалдығы мен жоғары кәсібилігі үшін алғыс сөздер білдірілді.
Ауданның сайлау органдарының ардагерлері мен қызметкерлеріне облыстық сайлау комиссиясы мен аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.