
2026 жылғы 4 ақпанда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Аманбеков С.М., аудан әкімі аппаратының басшысы Марченко Л.Е. қатысты.
Отырыс барысында электоралдық кезеңге дайындық мәселелері, учаскелік сайлау комиссияларын материалдық-техникалық жарақтандыру және сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.