
2026 жылғы 30 қаңтарда Дүниежүзілік сайлау күніне орай Шемонаиха колледжінде «Жастар және сайлау» атты квест өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар сайлау құқығының негіздерімен танысып, Конституцияны білу деңгейін, сайлау процесінің кезеңдері мен демократиялық қоғамдағы азаматтардың рөлін тексерді.
Командалық тапсырмалар, логикалық сұрақтар және ситуациялық кейстер жастарға сайлаудың жай ғана формальдылық емес, елдің болашағына ықпал етудің нақты тетігі екенін түсінуге мүмкіндік берді.
Іс-шара белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға, қабылданатын шешімдер үшін жауапкершілікті арттыруға ықпал етті.
Қатысушылардың белсенділігі, қызығушылығы мен білімге деген ұмтылысы қазіргі жастардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуға және өз таңдауын саналы түрде жасауға дайын екенін көрсетті.