
2026 жылғы 3 ақпанда Шемонаиха ауданының Жас сайлаушылар клубы Шемонаиха колледжінің студенттері арасында «Кәсібилік-табыстың кепілі" тақырыбында дебат өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар жастардың сайлау үдерісіндегі рөлін, азаматтық ұстанымның маңызын және шешім қабылдаудағы жеке жауапкершілікті талқылады. Пікірсайыс форматы студенттерге өз көзқарастарын дәлелді түрде қорғауға және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Белсенді жастар — саналы таңдаудың және демократиялық болашақтың негізі.