Ауданның болашақ сайлаушыларымен «Заң үстемдігі және сайлау» тақырыбындағы іскерлік ойын

Ауданның болашақ сайлаушыларымен «Заң үстемдігі және сайлау» тақырыбындағы іскерлік ойын

Шемонаиха аудандық сайлау комиссиясында 2026 жылғы 26-27 қаңтарда іскерлік ойын өтті, оның барысында сайлау процесінің үлгісі көрнекі түрде көрсетілді. Шемонаиха қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары мен Гуманитарно-технический колледж студенттер дауыс беру рәсімін модельдеуге белсенді қатысып, өздерін сайлау комиссиясы мүшелері, байқаушылар және сайлаушылар рөлінде сынап көрді.

Іс-шара барысында оқушылар сайлауды дайындау және өткізу тәртібімен, сондай-ақ сайлаушылар мен сайлау процесіне қатысушы өзге де тұлғалардың негізгі құқықтары мен міндеттерімен танысты.

Іскерлік ойынның өткізілуі сайлаудың негізгі кезеңдерін тәжірибе жүзінде көрсетуге мүмкіндік беріп, оқушылардың сайлау процесінің қағидаттары мен азаматтық жауапкершілік туралы түсінігін қалыптастыруға ықпал етті.