
2026 жылғы 26 қаңтарда Шемонаиха қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары – болашақ сайлаушылар үшін аудандық сайлау комиссиясында Ашық есік күні өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты жастардың құқықтық мәдениетінің негіздерін қалыптастыру және сайлау үдерісіне деген қызығушылығын арттыру болып табылады.
Экскурсия барысында оқушылар ақпараттық стендтерде ұсынылған аудандық сайлау комиссиясының тарихымен, сондай-ақ оның қызметінің негізгі бағыттарымен танысты. Қоғамның демократиялық дамуының маңызды элементі ретінде азаматтардың сайлауға қатысуының маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шараларды өткізу өскелең ұрпақтың жауапты азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етіп, болашақта сайлау науқандарына саналы түрде қатысудың негізін қалайды.
Іс-шараға 63 оқушы қатысты.