Енді барлық санаттар бойынша практикалық емтихандар Өскемен қаласы, Самар тас жолы, 23/1 мекенжайында өткізіледі.
Бұған дейін С1, C, D, D1 және CE санаттары бойынша емтихандар Назарбаев даңғылы, 59 мекенжайында қабылданатын.
Емтихан алаңын көшіру практикалық емтихан қабылдау қызметінің қолайлылығын және сапасын арттыруға, сондай-ақ тестілеу рәсімінің қауіпсіздігі мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Автодром тиісті санаттағы көлік құралдарымен және жүргізу нәтижелерін автоматты түрде тіркейтін арнайы құрылғылармен жабдықталған.
Айта кетейік, В және С1 санаттары бойынша практикалық емтиханға жұмыс күндері 08:00-ден 17:00-ге дейін, ал сенбі күні 08:00-ден 12:00-ге дейін кіруге болады. Ал С, D, D1 және CE санаттары бойынша емтиханды емтихан қабылдау комиссиясы жұма күні 09:00-ден 12:30-ға дейін өткізеді.
Еске саламыз, практикалық емтиханнан өту үшін алдын ала «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы жазылу қажет.