COVID-19-бен ауырлығы орташа және ауыр дәрежеде ауырып жазылған және толық сауыққан сәттен бастап кемінде 14 тәулік өткен 18 жастан асқан тұлға иммундық плазма доноры бола алады.
Барлық әлеуетті донорларға тұрғылықты жері бойынша ОДА COVID-19 (IgG класы) антиденелерінің бар-жоғына қан тексеруінен өтуіне болады. Содан кейін антиденелерге оң нәтиже алған кезде донорлар Облыстық қан орталығында клиникалық-биохимиялық көрсеткіштерге тексеруден өтуі қажет.
Донорлыққа қарсы көрсетілімдер болмаған кезде және COVID-19 (IgG класы) антиденелеріне оң нәтиже болған жағдайда донорды терапевт-дәрігердің медициналық тексерісінен кейін аппараттық плазмаферез әдісімен плазманы алу рәсіміне жібереді. Бір донордан 400-600 мл немесе иммундық плазманың 2-3 мөлшерін алуға болады.
Тапсырылған плазма үшін ақшалай сыйақы 7 АЕК (19446 теңге) құрайды.
3-06-35, 3-23-23 телефон нөмірлері бойынша иммундық плазма донорлығы мәселелері бойынша қоңыраулар қабылданады.