Өскемен қаласында B санаты бойынша практикалық емтихан тапсыруға арналған жаңа автодром ашылды.

Өскемен қаласында B санаты бойынша практикалық емтихан тапсыруға арналған жаңа автодром ашылды.

2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап Өскемен қаласындағы мамандандырылған ХҚКО-да B санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсыратын жаңа автоматтандырылған автодром жұмысын бастайды.

Алаң қазіргі заманғы стандарттарға толық сәйкес келеді және автоматты (АКПП) және механикалық (МКПП) беріліс қорабы бар көліктерге арналған.

Азаматтардың ыңғайлығы үшін кезекті онлайн брондау «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді. Бұл күту уақытын қысқартып, процесті айқынырақ әрі ыңғайлы етеді.

«Автодромның іске қосылуы емтихан кезектерін қысқартуға, жүргізушілерді дайындау сапасын арттыруға және практикалық емтихан тапсыру процесінің ашықтығы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Заманауи автодром, электронды кезек және барлық талаптардың сақталуы – бұл біз ұмтылатын стандарт»,деп атап өтті КЕАҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ШҚО бойынша филиалының директоры.

Айта кетейік, басқа санаттар бойынша емтихандар бұрынғыдай Назарбаев даңғылы, 59 мекенжайындағы оқу комбинатында өткізіледі.

Автодром Өскемен қаласындағы мамандандырылған ХҚКО аумағында, Самар тас жолы, 23/1 мекенжайында орналасқан. Жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі күні 08:00-ден 12:00-ге дейін. Жексенбі – демалыс күні.