Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

Глубокое ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізеді.

Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғаларды қоспағанда, сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына бір жыл бойы қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпаздарына рұқсат етіледі.           

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер және конкурс ұсыныстары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1 бабының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының», шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 261 бұйрығы немесе фермер қожалығы, Ауыл шаруашылығы өндірісі», талаптарына сәйкес болуы тиіс.    

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу он бес жұмыс күн ішінде 2025 жылғы 22 желтоқсаннан 2026 жылғы 14 қаңтарға дейін ШҚО, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Попович  көшесі, 13 «Глубокое ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ, мекенжайы бойынша жүзеге асырылады, телефоны 8 (72331) 2-16-41. 

Конкурстық өтінімдері бар конверттер 2026 жылғы 15 қаңтарда сағат 10.00-де ШҚО, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Попович көшесі, 11А, мекенжайында (аудандық әкімдіктің ғимаратында) ашылатын болады.

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

  • конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2)  конкурстық ұсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

  • Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын

өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Ішкішаруашылық жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша екі өтінімнен кем келіп түскен;

Егер конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден кем қатысушы жіберілген жағдайларда, өткізілмеді деп танылады.

 

Жер учаскелерінің тізбесі

 

 

Ауданы, га

Ауыл шаруашылық мамандануы

Жалға беру мерзімі, жыл

Топырақ сипаттамасы, топырақ бонитетінің балы

Суқамтамасыздық

Жер телімінің

орналасқан жері

Шектеулер мен ауыртпалықтар

1

Телім ауданы 202,7 га, оның ішінде: 189,6 га – егістік, 11,0 га – табиғи суарылмайтын шабындық, 1,4 га – суландырылған жайылым, 0,7 га – басқа жерлер (дала жолы).

Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы

10

50

Суландырылған

ШҚО, Глубокое ауданы, Прапорщиково ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 11,0 км.

Сервитут – іргелес жер пайдаланушылардың өту және өту құқығы.

Кукуевка өзенінің су қорғау аймағы шегінде шаруашылық қызметтің арнайы режимін сақтау (ҚР Су кодексінің 125-бабы 2-тармағы).

 

 

 

«Глубокое ауданының жер қатынастары бөлімі» 

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                                                                                                        А. Антипина