Назар аударыңыз, аукцион

Назар аударыңыз, аукцион

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Верх-Уба ауылдық округі әкімі аппараты 2025 жылғы 02 желтоқсанда сағат 10:00-де мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы e-qazyna.kz  (бұдан әрі – Тізілім веб-порталы) арқылы бағаны көтеру тәсілімен көлік құралын сату бойынша электрондық аукцион өткізілетінін хабарлайды.  

Аукционға қатысуға өтінімдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес беріледі.  

Аукционға, тендерге қатысу үшін Тізілім веб-порталында алдын ала тіркелу қажет, тіркелу кезінде келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс:  

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);  

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), толық атауы, бірінші басшысының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);  

3) кепілдік жарнаны қайтаруға арналған екінші деңгейлі банктегі есепшот реквизиттері;  

4) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефон, факс, электрондық пошта).

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілім веб-порталындағы деректерге тиісті өзгерістер енгізуі қажет.  

Сауда-саттыққа қатысу үшін қатысушы веб-портал арқылы өтінім береді және оны электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) растайды.  

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап басталады және аукцион басталуына бес минут қалғанда аяқталады. Осы уақыттан кейін қатысушылар берген өтінімді кері қайтара алмайды.  

Автоматты тексеру нәтижелері бойынша Тізілім веб-порталы қатысушы көрсеткен электрондық мекенжайға өтінімді қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.  

Тізілім веб-порталы аукционға қатысуға электрондық өтінімді аукцион басталуына кемінде бес минут қалғанда қайтарып алған қатысушының аукцион нөмірін жояды.  

Аукцион аукцион залында сейсенбіден жұмаға дейін өткізіледі (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген демалыс және мереке күндерінен басқа). Аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі аралықта өткізіледі, бұл ретте аукцион Астана уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталуы тиіс.

Аукционға жіберілген қатысушыға Тізілім веб-порталы берген аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.  

Аукцион басталуына бір сағат қалғанда қатысушылар аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Аукцион сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша белгіленген уақытта басталады және аукцион залына жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы автоматты түрде орналастырылады.

Бағаны көтеру әдісімен аукцион өткізу қағидалары:  

1) Аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде аукцион залына қатысушылардың ешқайсысы бастапқы баға бойынша жекешелендіру нысанасын сатып алуға ниетін растамаса, бұл жекешелендіру нысанасы бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады.

2) Егер бастапқы баға расталған сәттен кейінгі жиырма минут ішінде аукцион залына қатысушылардың ешқайсысы бастапқы бағаны көтеру арқылы жекешелендіру нысанасын сатып алуға ниетін растамаса, онда бастапқы бағаны растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру нысанасы бойынша аукцион өткізілген болып есептеледі.  

Бір ғана қатысушы қатысқан аукцион, егер ол бастапқы бағаны растаған болса, өткізілген болып есептеледі;

3) Егер бастапқы немесе ағымдағы баға расталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі жекешелендіру нысанасын сатып алуға ниетін бастапқы немесе ағымдағы бағаны растау арқылы білдірсе, онда бұл баға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларының 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға ұлғайтылады.

3) Егер бастапқы немесе ағымдағы баға расталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі бастапқы немесе ағымдағы бағаны растау арқылы жекешелендіру нысанасын сатып алуға ниетін білдірсе, онда бұл баға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларының 46-тармағында көрсетілген қадамға ұлғаяды.

Сату нысаны бойынша бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін өткізіледі.

Егер бағаны көтеру аукционы 17:00-де аяқталғанда жеңімпаз анықталмаса, соңғы болып жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін растаган қатысушы жеңімпаз болып танылады және осы нысан бойынша аукцион өткізілген болып есептеледі.

Әр сатылған нысан бойынша аукцион нәтижелері сауда нәтижелері туралы хаттамамен рәсімделеді, ол хаттама аукцион күні электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы веб-порталда сатушы мен жеңімпаз тарапынан қол қойылады.

Сатып алу-сату шарты веб-порталда электрондық форматта жасалып, хаттамаға қол қойылған күннен бастап он күннен аспайтын мерзімде сатушы мен сатып алушы тарапынан ЭЦҚ арқылы қол қойылады.

Бағаны көтеру шарттарымен аукционға келесі сату объектілері қойылады:  

1) «LADA 21214» АВТОКӨЛІГІ, мемлекеттік тіркеу нөмірі: 830ВВ16, шығарылған жылы – 2017;  VIN-коды: XWW212140H2274429;  Кузов бойынша ақаулар: сырты жарылған, тот басқан, жарықтар бар; Ауыстыруды қажет ететін бөлшектер: клапанның май қайтарғыш қалпақшалары (қозғалтқыш);  Руль тартқыштарының ұштары,  аккумулятор батареясы (АКБ);  Тіркеу нөмірі (ГРНТС): 830BB16  Маркасы, түрі: LADA 21214; Көлік санаты: B – Жеңіл автокөлік, массасы 3500 кг-нан төмен ; Шығарылған жылы: 2017;  Шанақ  нөмірі: XWW212140H2274429;  Шасси нөмірі: Көрсетілмеген;  Түсі: Ақ;  Қозғалтқыш нөмірі: Көрсетілмеген;  Қозғалтқыш көлемі (см³): 1690;  Бағалаушының атауы: «ФениксКоммерц» БАҰК ЖШС; Бағалау есебінің нөмірі: 412/10/2025; Бағалау күні: 23.10.2025;  Есеп күні: 23.10.2025;  Бағалау құны: 3 055 000 теңге, Баланстық құны: 0;  Шектеулер/тұтқындау: Жоқ; Тұтқындау туралы ақпарат: Жоқ; Тыйымдар: Жоқ;

 Анықтама алу  үшін телефон: 8 (72332) 6-11-95 —  Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Верх-Уба ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі