СУ БАСУ КЕЗІНДЕГІ ӘРЕКЕТТЕР

СУ БАСУ КЕЗІНДЕГІ ӘРЕКЕТТЕР

Су басу деп қар еру мен қатты жауған жауыншашыннан, көтерме желдің әсерінен (желдің су бетіне әсер етуінен, су деңгейінің көтерілуі),  мұз кептелістерден (көктем кезіндегі мұздың кету кездерінде өзен арнасының жіңішкерген және тіке бұрылыстарындағы мұз үйінділердің пайда болуы), қар астындағы судың (қыс басталған кезенде мұз пайда бола бастағанда өзен арнасының жіңішкерген және тіке бұрылыстарында қопсытылған мұз материалдарының жиналуы), бөгеттердің жарылу нәтижесінде мол судың келіп құйылуынан өзендердің, су қоймаларының, көлдер мен теңіздердің су деңгейі көтеріліп елді-мекеннің көп бөлігін  су басып қалуды атайды.

            Жүйелі түрде су басатын аймақтарда орналасқан тұрғындар аталған қауіп-қатер туралы алдын ала құлағдар болуы тиіс, су басу кезінде және қауіп-қатер төнген кезде орындайтын іс-әрекеттерге дайындалған және оқытылған болуы керек. Су басу жайлы болжам келіп түсе салысымен тұрғындарға радио байланыс және теледидар арқылы хабар таратылады. Өкінішке орай, төнген қауіп-қатер туралы жиі су басатын аудан тұрғындарын  күні-бұрын ескертуге мүмкіндік бола бермейді.

            Әйтсе де, Сіз айтылған төтенше жағдайда болып қалсаңыз, не істеу керек? Кенеттен су басу жағдайы орын алғанда пәтерден неғұрлым тез бірінші қажеттіліктегі заттарды жинастыру қажет: құжаттарды, медициналық қобдишаны, сіріңке (оттық), нан, ішетін су,-маңайдағы қауіпсіз көтерілген орындарға бару, сондай-ақ қолдан жасалған суда қалқып жүзу құралдардың көмегімен суда жылжып көшуге дайын болу. Осындай жағжай орнаған кезде үрейге бой алдыруға, өзін-өзі басқаралмауға жол бермеуге, құтқарушылардың суда қалған және көмекке мұқтаж адамдарды уақытында анықтауға көмектесетін,  сабырлы іс-шаралар қабылдау керек.  

             Егер су басу Сізге тәуліктің күндізгі мезгілінде тап болса, онда құтқарушылар назарын аударту үшін биік бір жерге үлкен көлемді ақ немесе түрлі-түсті кенеп матасын ілу керек, ал түнгі уақытта- ең тиімді болып жарық белгілерін беру- шам, прожектор, алаулатып от жағуды пайдалану болып табылады.

            Су басу аудандарында қалған адамдарға арнайы көмек келгенге дейін, ғимараттың бірінші қабатында немесе шатырларда, ағаштар мен басқа да көтерілген орындарда қалу керек. Көбінесе адамдардың су басу аудандарында қалуы су деңгейінің төмендеуіне дейін немесе қауіпсіз ауданға көшіру үшін берік құралдармен жабдықталған құтқарушылар жақтан көмек келгенше созылады. Су баспаған ауданға тұрғындардың өз бетімен көшуі науқастарға шұғыл көмек керек жағдайда, азық-түлік қорының азаюы мен таусылған жағдайда, жағдайдың нашарлау қаупі немесе сырттан көмек келетініне сенімнің жойылуы кезінде жүзеге асырылады. Суда өздігінен орын ауыстыру кезінде жеке қайық немесе кішкене кемелер, салмалардан жасалған сал және басқа да қолдан табылған материалдар пайдаланылады.

            Су бетінен құтқарған адамдарды, неғұрлым тез киімін құрғақ киімге ауыстыру қажет, тыныштандыратын дәрі-дәрмек беру қажет, ал судан немесе су айдынының түбінен құтқарылған адамдарға, жасанды тыныс алдыруды жүргізу қажет.  Су деңгейі төмендеген кезде адамдар өз пәтердеріне асығады. Алайда барлық ескерту шараларын естен шығармау қажет.

            Ғимаратқа кірместен бұрын оның түзілісі қандай, айқын бұзушылықтар байқалама және олар адам өміріне қандай қауіп тудыруы мүмкін екенін анықтап алған жөн. Пәтерге қайта қоныс аудармас бұрын, бөлменің барлық есік терезесін айқара ашып желдету және 30 минуттай уақыт шамасында кірмеу қажет. Ғимараттың (үйдің) ішкі бөлмелерін бақылау кезінде сіріңке немесе оттықты  жарық сәулесі ретінде пайдалануға болмайды, себебі ауада газдың болуы мүмкін. Осы мақсатта электр шамдарын пайдаланған жөн. Үзілген немесе ілініп тұрған электр сымдардан абай болу қажет. Элект жүйесінің жағдайын мамандар тексермей электр энергиясы көздерін пайдалануға тыйым салынады. Су құбырының, газ және канализация магистралінің ақаулары немесе бүлінгенін байқасаңыз дереу коммүналды қызметтерге немесе ұйымдарға хабарлау қажет.

 

Шемонаиха ауданының ТЖБ