Өткен жылы TikTok платформасы «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қолдауымен #ҚазақстандаЖасалған байқау басталды Бастама өз ісі туралы сөйлескісі келетін жергілікті кәсіпкерлерді біріктірді және оның ел үшін маңыздылығын көрсетті. Республиканың түкпір-түкпірінен келген кәсіпкерлер өздері туралы айтып, жобаның хэштегі бойынша бейнелерді жариялады. Олардың ішінде ең жақсысы деген төрт номинация таңдалды:«Әлеуметтік бизнес», «Экологиялық кәсіпкерлік», «Жастар бизнесі» және «Бір ауыл, бір өнім». Әр санаттың жеңімпаздары бизнесті дамытуға және Қазақстан экономикасына қосқан үлесі үшін iPhone 16 Plus-ті сыйлық ретінде алады.
«Бір ауыл, бір өнім» номинациясын біздің жерлесіміз Шығыс Қазақстан облысы Быструха ауылының тұрғыны Полина Троеглазова жеңіп алды. Қатысушы төртінші буын омарташысы, өз ісімен белсенді айналысады, атасының тәжірибесін қолданып, отбасылық істі белсенді жалғастыруда.
Оның жобасы ауылдық бизнесті қолдауға және жергілікті тауарларды ілгерілетуге бағытталған. Полина табиғи балға негізделген бірегей өнімдерді дамытудың маңыздылығын көрсетеді. Оның жобасының мақсаты - аймақта өсетін тек табиғи ингредиенттер қосылатын табиғи бал-кремін өндіру. Олардың арасында өнімді дәмді ете түсетін қарағай жаңғағы мен итмұрын бар. Полинаның айтуынша, оның жобасы арқылы агротуризмнің дамуына ықпал ете отырып омартаға экскурсиялар және бал өндіру процесін көрсету болып табылады.
Сонымен қатар, аймақтағы бизнесті дамыту жаңа жұмыс орындарын құрып, ауылдық аумақтардың экономикалық өсуіне ықпал етеді.