ШҚО делегациясы Қытайда өткен «Алтай – ортақ үйіміз» атты халықаралық ынтымақтастық конференциясына қатысты

ШҚО делегациясы Қытайда өткен «Алтай – ортақ үйіміз» атты халықаралық ынтымақтастық конференциясына қатысты

Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Алтай қаласында өткен «Алтай – ортақ үйіміз» атты өңірлік халықаралық ынтымақтастық конференциясына қатысты.
Конференцияда ҚХР СҰАА, ШҚО, Абай және Жетісу облыстары, Ресей мен Моңғолия өңірлерінің басшылары сөз сөйледі.
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов форумның Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин арасындағы жоғары деңгейдегі мазмұнды әрі белсенді диалог аясында өтіп жатқанын атап өтті.
Екі елдің көшбасшылары екі жақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына, көлік-логистикалық интеграцияға, бірлескен экологиялық бастамаларға, сондай-ақ мәдени және гуманитарлық өзара әрекеттестікке жаңа серпін берді. Мемлекет басшылары елдер арасындағы қарым-қатынастың стратегиялық сипатын атап өтіп, «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясындағы әріптестікті тереңдету бағытын растады.
Сонымен қатар, форум Қытайдың көне әрі ұлы мерекелерінің бірі - «Дуаньу» (Айдаһар қайықтарының мерекесі) қарсаңында өтті.