«Балалардың терезелер мен балконнан түсуінің алдын алу бойынша шаралар»

«Балалардың терезелер мен балконнан түсуінің алдын алу бойынша шаралар»

Терезеден құлау - әсіресе қалалардағы балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Балалар ашық терезенің немесе балконның алдында өте осал. ​Баланың терезеден құлауына байланысты жазатайым оқиғаны болдырмау үшін келесі ережелерді ұстану қажет:

​- желдету кезінде фрамугалар мен желкөздерді ашыңыз. Егер сіз терезені ашсаңыз, оны 10 см артық ашпаңыз.;

​- балконға ересектерсіз шығуға рұқсат бермеңіз;

​- бала терезеге шыға алмау үшін жиһаздың барлық түрлерін терезеден алыстатып қойңыз;

​- баланы терезеге қарау немесе балконнан далаға қарау үшін аяқ астына орындықты немесе өзге де құрылғыларды қоюға рұқсат етпеңіз. Кейіннен, осындай жолмен әрекет ете отырып, ол тым қатты сыртқа шығып, терезеден құлап кетуі мүмкін (балконнан);

​- москит торлары да үлкен қауіп төндіреді: бала қандай да бір кедергіні көреді, оған сенімді тіреледі, нәтижесінде ең кішкентай баланың салмағына есептелмеген тормен бірге құлап кетуі мүмкін;

​- терезелерге арнайы бекіткіштер мен торларды қойыңыз, бірақ егер сіз терезенің барлық өлшеміне торларды орнатсаңыз, онда өрт болған жағдайда оны тез ашу тәсілі болуы тиіс. Тор ілгіштерде ашылып, аспалы құлыппен жабылуы тиіс. Бұл жағдайда құлыпты кілттің өзі еденнен жоғары жерде, терезенің жанында, шегеде ілінуі тиіс. ​

Торларды, бекіткіштерді тек - кәсіби мамандар орнату керек.

 

 

Шемонаиха ауданының ТЖБ