Әрбір үйдегі қауіпсіздік!

Әрбір үйдегі қауіпсіздік!

2025 жылдың өткен кезеңінде Шемонаиха ауданында ТЖ бөлімімен187 өрт тіркелді. 2 өрт тұрақта тұрған көліктен шыққан. 16 өрт тұрғын секторында тіркелді. Тұрғын секторында болған өрттердің себептерінің басым көшілігі – бүл пештік жылу беруді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу – 10 өрт, сонымен қатар электр аспаптарын монтаждау мен пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу – 3 өрт, қасақана өртеу – 1, шылым шегу кезіндегі абайсыздық – 2 өрт.

Шемонаиха ауданының ТЖ бөлімі өрттерді болдырмау мақсатында ұсынады, үйден шығар алдында электр аспаптарын желіден ажыратыңыз; электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз; ақаулы электр аспаптарын пайдаланбаңыз; төсекте жатып шылым шекпеңіз; балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз; алау жағу, қалдықтар мен ыдыстарды өртеу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта жүзеге асырылады.

Жылыту жүйелерін ұстау тәртібі - шатырларда барлық түтінқұбырлары мен түтін арналары өтетін қабырғаларды әктеу қажет; түтінқұбырлары мен мұржалары тікелей жылу беру маусымының алдында, сонымен қатар жылу беру маусымы ішінде тазартылады; оттықтың есігінің астындағы жанғыш материалдардан жасалған еден оттық алдындағы өлшемі кемінде 0,5х0,7 метр болатын қабатпен қорғалады; күл арнайы бөлінген жерге шығарылады және су құйылады. Желдету арналарын түтіндіктер ретінде қолдануға; пештерді шамадан тыс қыздыруға; киім, аяқкиім, ағашты пештің үстінде кептіруге; сызыттары мен саңылаулары бар пештерді жағуға; жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға; пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға тыйым салынады.

Газ баллондарын пайдалану кезіндегі сақтану шаралары - жиһазды газ плитасының жанына орналастырмаңыз; қайнап жатқан судың газ оттығын сөндірмейтініне көз жеткізіңіз; шлангтің жағдайын қадағалаңыз; баллонның кранындағы тығыздағыш сақинаны ауыстырыңыз; баллонды ауыстырған кезде отпен тексеруге тыйым салынады.

Өрт шыққан жағдайда 101 және 112 телефондарына қоңырау шалыңыз.

Шемонаиха ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.