Атырауда мектеп оқушысының анасы баласының сабаққа қатыспағаны үшін айыппұл салды

Атырауда мектеп оқушысының анасы баласының сабаққа қатыспағаны үшін айыппұл салды

Атырауда сот 3-сыныпта оқитын ұлы себепсіз 20 күн сабаққа бармаған әйелге айыппұл салды, деп хабарлайды BaigeNews.kz mgorod.kz порталына сілтеме жасап.
Сотта кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу мен оқытудағы міндеттерін орындамады деп айыпталған Атырау тұрғынына қатысты іс қаралды. Әйелдің 3-сынып оқушысы 20 күн бойы себепсіз сабаққа бармағаны белгілі болды.

Сот отырысында әйел өз кінәсін мойындап, жасаған қылмысына өкінді. Сот шешімімен кәмелетке толмаған баланың анасы кінәлі деп танылды. Сот оның жеке басын, отбасылық және материалдық жағдайын, құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып, оған 24 150 теңге айыппұл салды.