10 маусымда 1 сыныпқа құжат қабылдау басталады

10 маусымда 1 сыныпқа құжат қабылдау басталады

10 маусымда облыстағы жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады.

– Аталған қызметті ата-аналар OQU Ұлттық Білім беру платформасында электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе  www.egov.kz  порталы арқылы ала алады. Өтініштерді 24/7 режимінде беруге болады. Осылайша, ата-аналар жұмыстан немесе үйден мектепке, онлайн режимде өтініш беру мүмкіндігіне ие болады, - деп хабарлады ШҚО Білім басқармасының өкілдері.

Өтінім беру үшін сайтқа кіру қажет. Өтінішті ата-ана немесе заңды өкілдер толтырып,  сканерленген құжаттарды тіркейді.