Шемонаиха ауданында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Халық әуені» концерттік-гастрольдік туры аясында концерттік бағдарлама өтті

Шемонаиха ауданында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Халық әуені» концерттік-гастрольдік туры аясында концерттік бағдарлама өтті

Аудан тұрғындары мен қонақтарына Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі өнер көрсетті. Оркестрге бас дирижёр Дастан Ибрагимов жетекшілік етті. Кештің ерекше атмосферасын баритон Азат Малик пен опера әншісі Лаура Кумарханова өз өнерлерімен толықтырды. Өнерпаздар жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберліктерін паш етті.

Іс-шараға Шемонаиха ауданының әкімі Кеңесбаев Дидар Мұхтарбекұлы қатысып, концерт әртістеріне деген шынайы алғыс пен терең құрметтің белгісі ретінде аудан халқының атынан ықылыс гүлі табысталды.

Концерт көрермендерге жоғары өнердің, шабыт пен рухани бірліктің ерекше атмосферасын сыйлаған жарқын мәдени оқиғаға айналды. Осындай тағылымды іс-шаралар мәдениетті дамытуға және отандық өнерді кеңінен насихаттауға зор үлес қосады.

Дереккөз: @shko.akim.official @saktaganovnurymbet