
ШҚО бойынша МКД 2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша маңызды өзгерістер күшіне енетіні туралы хабарлайды.
ЖТС: прогрессивті мөлшерлеме енгізіледі
Енді мөлшерлеме табыс деңгейіне байланысты болады:
8 500 АЕК-ке дейінгі табыс - 10%
8 500 АЕК-тен жоғары - 15% (тек асқан бөлігіне)
Табыс жоғары болған сайын салық мөлшері де артады. Бұл салық салудың әділ жүйесіне көшу қадамы.
Жеке тұлғаларға арналған салықтық шегерімдер
Жеке тұлғалар төмендегі шегерімдерді қолдана алады:
Әлеуметтік төлемдер бойынша шегерімдер (МЗЖ, МӘМС жарналары, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша әлеуметтік аударымдар)
Негізгі шегерім - айына 30 АЕК, бірақ жылына 360 АЕК-тен аспайды.
Әлеуметтік санаттарға арналған қосымша шегерімдер:
* мүгедектігі бар адамдар
* мүгедек балалары бар ата-аналар мен қамқоршылар
* ҰОС және жауынгерлік іс-қимыл ардагерлері
* асырап алушылар, қабылдаушы ата-аналар және т.б.
Негізгі шегерім тек бір салық агенті арқылы және қызметкердің өтініші негізінде қолданылады.
Әлеуметтік салық: жаңа тәсілдер
Салық салу объектісі - жұмыс берушінің қызметкерлер табысы бойынша шығыстары
Объектіден МЗЖ, МӘМС жарналары және Салық кодексінде көзделген кейбір табыстар алынып тасталады.
Әлеуметтік салық мөлшерлемелері:
6% - жалпы мөлшерлеме (әлеуметтік аударымдарға байланыссыз)
1,8% - ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өз өнімін қайта өңдеу үшін
ЖК және жеке практикамен айналысатын тұлғалар:
* Өзі үшін - 2 АЕК
* Әр қызметкер үшін - 1 АЕК
Шаруа қожалықтары:
* Өзі үшін - 0,6 АЕК
* Әр қызметкер үшін - 0,3 АЕК
Өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Табыс пен салық жүктемесін жоспарлау кезінде осы нормаларды ескеру маңызды.