Шемонаиха ауданы бес айдың қорытындысын шығарды: экономикалық өсім, жаңа жобалар және адамдарға қамқорлық

Шемонаиха ауданы бес айдың қорытындысын шығарды: экономикалық өсім, жаңа жобалар және адамдарға қамқорлық

 

Шемонаиха ауданында өнеркәсіптен бастап мәдениетке дейінгі барлық негізгі салаларда тұрақты даму жалғасуда.

Бұл туралы Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Данияр Жунусов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында хабарлады.

Аудан әкімінің айтуынша, бес айдың ішінде негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 103%-ға, өңдеу өнеркәсібі — 117%-ға, экономикаға салынған инвестициялар — 103%-ға артты. Құрылыс жұмыстарының көлемі 115%-ға, ал тауар айналымы 117%-ға өсті. Аудан бюджеті өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 119%-ға артығымен орындалды.

Көктемгі егіс науқаны толық аяқталды. Жалпы 138 мың гектар алқапқа дәнді, майлы және мал азықтық дақылдар себілді. Ауданда үш ірі агрожоба іске асты: «Белокаменское» және «Рулиха» ЖШС-нің сүт фермалары, сондай-ақ «Хамзин С және Компания» шаруа қожалығы. 2024 жылдың қаңтар айында 160 бас ірі қара жеткізілді.

Биылғы жылы 400 АЕК-ке дейін 10 грант берілді. Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем шығаратын кәсіпорынға пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жобасы мақұлданды. 136 тұрақты жұмыс орны құрылып, 182 адам жұмысқа орналастырылды, 173 адам қоғамдық ақылы жұмыстарға жіберілді. Бір отбасы еңбек ресурстары артық өңірден көшірілді.

Инфрақұрылым саласында Шемонаиха қаласы мен бірнеше ауылда (Березовка, Барашки, Новая Убинка, Первомайский және басқалар) сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 1,7 млрд теңгеге 20 жол жобасы іске асырылуда. Березовка мен Верх-Уба ауылдарында көшелер жөнделді.

Медицина саласына 1 дәрігер және 3 орта буын маман тартылды. Олардың біріне тұрғын үй беріліп, екеуіне көтерме жәрдемақы ұсынылды. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Волчанка ауылында жаңа амбулатория салынып жатыр.

Білім беру жүйесінде 23 мемлекеттік және 1 жекеменшік мектеп жұмыс істейді, жалпы контингенті - 5164 оқушы. 12 балабақша мен 2 қосымша білім беру ұйымы бар. Биыл 216 оқушы мектеп бітіреді. №5 Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп-балабақша кешені Қазақстандағы «100 үздік мектептің» қатарына енді.

Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру үшін барлық мектептерде «Жаз-2025» бағдарламалары бекітілді. 100% оқушы - 4770 бала қамтылады. Сонымен қатар аудан «Қонақжай отбасы» жобасына қатысуда: оқушылар жазда отбасыларда тіл үйренеді.

Мәдениет саласында 33 мекеме жұмыс істейді, оның ішінде 3 үлгілі шығармашылық ұжым бар: «Freezelight» хореографиялық тобы, «Юность» хореографиялық ұжымы және «Жұлдыздар» вокалдық тобы. Шығармашылық ұжымдар республикалық және халықаралық байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізді: 5 бірінші орын, 3 гран-при иеленді.

Жастар саясаты және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 200-ден астам іс-шара өткізілді. «Жасыл ел» жобасы жүзеге асырыла бастады: жаз мезгілінде 100 жас жұмыспен қамтылады, басымдық әлеуметтік осал топтарға беріледі.

Көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 1944 көшет отырғызылып, 140 гектар жер тазартылды, 28 тонна қоқыс шығарылды. Балалар ойын алаңдары мен тренажерлар орнатылып, көше шамдары қалпына келтірілуде.

Қуаңшылық ауа райына байланысты дала және орман өрттерінің алдын алу шаралары күшейтілді: жанар-жағармай мен дәрі-дәрмек қоры жасақталды, 6 өрт сөндіру бекеті және 3 шаруашылықта ерікті жасақтар жұмыс істеп тұр.