Су тасқыны мерзіміне әзірлік

Су тасқыны мерзіміне әзірлік

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облыс аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты, өзендер мен су айдындарында су деңгейі қауіпті шектен төмен. Бөгеттерден судың тасуы және олардың бұзылуы тіркелген жоқ.  Гидротехникалық құрылыстарда су деңгейі рұқсат етілген шектерде.

Су тасқыны және еріген су басуы бейім елді мекендердің тізбесіне 71 су тасқыны қауіпті елді мекен енгізілген, онда 3573 тұрғын үй орналасқан және  8638 адам тұрады.   

2026 жылғы су тасқыны мерзіміне әзірлік бойынша 2025 жылғы жазғы-күзгі мерзімге арналған инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес 28 іс-шара орындалған. Глубокое, Катоқарағай, Шемонаиха аудандарында,  Риддер қаласында, Алтай, Самар, Марқакөл, Үлкен Нарын, Ұлан және Күршім аудандарында.

Ұзындығы 900 метр қорғаныс бөгеттеріне жөндеу жүргізілді, түпті тереңдету, түзеті, арық жүйесін тазалау және салу, су өткізгіш каналдарын жүргізу бойынша  ұзындығы 13 072 метр инженерлік жұмыстар, көпірлер мен автомобиль жолдарын салу және жөндеу бойынша 4 іс-шаралар, 1 ГТҚ объектісінде жөндеу жұмысы жүргізілді.

Су тасқынының жағдайы нашарлаған жағдайда  жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтерінен 3 106 адам, 674 бірлік техника, 11 әуе кемесі, 89 жүзу құралы және 242 мотопомпадан тұрытын күш пен құралдардары топтастырылған.

Жалпы сыйымдылығы 21 000 адам болатын 182 уақытша орналастыру пункті дайындалған.

Су тасқынының жағдайы нашарлаған жағдайда  халықты құлақтандыру 48 сирена-сөйлеу құрылғысы, SMS тарату, телерадио арналарын қармап алу. «Дармен» мобильдік қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде  – «Mass Alert»  халықты құлақтандыру жүйесі іске қосылады.

«ШҚО әкімінің Ахуалдық орталығы» ақпараттық жүйесінде су тасқыны жағдайын мониторингтеудің бірыңғай кешені жұмыс істейді,  ақпараттық жүйесінде гидрологиялық мониторинг үшін ГАЖ-модулі және болжау құралдары  енгізілген. Жүйе гидропосттар бойынша су деңгейі, ағын жылдамдығы, мұз жағдайы сияқты деректерді жинап, автоматты бағалау жасап, көрсеткіштерді визуализациялайды. Кіріктірілген жасанды интеллект моделі 49 гидропостар бойынша 7 күндік болжамын жасап, тәуекелдерде ерте анықтауға мүмкіндік береді.