Жеке тұрғын секторлардағы көмірқышқыл газының қауіптілігі

Жеке тұрғын секторлардағы көмірқышқыл газының қауіптілігі

Көмірқышқыл газы (СО) – адам үшін ең зұлым әрі қауіпті жану өнімдерінің бірі. Оның иісі де, түсі де, дәмі де жоқ, сондықтан арнайы құралсыз анықтау мүмкін емес. Ауада көмірқышқыл газының аз ғана мөлшері болса да, ауыр улануға және өлімге әкелуі мүмкін. Әсіресе, пешпен жылыту, газды колонкалар, қазандықтар немесе генераторлар қолданылатын жеке тұрғын үйлерде пайда болу қаупі жоғары.

Неліктен көмірқышқыл газы қауіпті

Көмірқышқыл газының молекулалары қан құрамындағы гемоглобинмен оңай байланысады да, ағза тіндеріне оттегінің жетуін бөгейді. Нәтижесінде оттегінің жетіспеушілігі (гипоксия) дамиды. Улану белгілері газдың мөлшеріне және әсер ету уақытына байланысты болады:

  • бас ауруы мен әлсіздік;
  • бас айналу мен жүрек айнуы;
  • есінен тану;
  • ауыр жағдайларда – өлім.

 

СО-ның ең үлкен қаупі – уланудың алғашқы белгілерін адам шаршау немесе жайсыздық деп қабылдап, байқамай қалуы мүмкін.

Жеке үйлердегі көмірқышқыл газының негізгі көздері

  1. Пештер мен каминдердің ақаулары – мұржадағы жарықтар, тартудың жеткіліксіздігі, жапқыштың дұрыс жабылмауы.
  2. Газбен жұмыс істейтін құрылғылар – ақаулы колонкалар, қазандықтар, плиталар және нашар желдету.
  3. Дизельді және бензинді генераторлар – әсіресе оларды гараждарда немесе қоса салынған бөлмелерде қолдану өте қауіпті.
  4. Автокөліктер – жабық орында қозғалтқыштың жұмыс істеуі СО-ның өлімге әкелетін концентрациясын тез қалыптастырады.

Өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалу телефондары – 101, 112.

 

Шемонаиха ауданының ТЖ бөлімі