
6 шілдеде қазақстандықтар мемлекеттік мереке – Астана күнін тойлайды.
Мереке 2008 жылғы 25 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заңымен бекітілген.
Оған мемлекеттік мереке мәртебесі берілді, яғни ел азаматтары үшін қоғамдық-саяси маңызы бар.
Заңға сәйкес, мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады, сондықтан Астана күні тек Астанада ғана емес, бүкіл елде аталып өтеді.