Дүниежүзілік қоршаған орта күні – Эколог күні қарсаңында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен ШҚО мектептерінің оқушылары арасында «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» республикалық балалар суреттерінің конкурсы басталады.
Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің 1-11-ші сыныптары арасындағы оқушылар қатыса алады.
Конкурсты өткізу мерзімі: 13 – 28 мамыр аралығында (осы аралықта жұмыстар қабылданады).
Өтінімдер мен конкурстық жұмыстарды қабылдау орны: Өскемен қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 4, 2-қабат, 209-каб.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім толтыру, сондай-ақ осы конкурстың Қағидасымен танысу қажет.
Толығырақ ақпарат алу үшін жауапты орындаушыға 8-777-390-00-47 (WhatsApp) нөмірі бойынша немесе жұмыс уақытында ШҚО бойынша экология департаментінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жеке хабарламалар арқылы хабарласуға болады.
Мұндай форматтағы іс-шаралар өскелең ұрпақтың экологиялық білімін арттыруға, планетамыздың табиғи ресурстары мен биоәртүрлілігін сақтауға, ұқыпты қарауға тәрбиелеуге, сондай-ақ экологиялық іс-шараларға қатысуға қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді
Болашақ ұрпақ үшін табиғатты бірге сақтайық!