Балық аулау кезіндегі қауіпсіздік

Балық аулау кезіндегі қауіпсіздік

Балық аулау — табиғат аясындағы жағымды демалыс, алайда қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтамау қайғылы салдарға әкеп соғуы мүмкін.

Су айдынындағы демалыс қауіпсіз болуы үшін:

  • балық аулау үшін тек рұқсат етілген және қауіпсіз орындарды таңдаңыз;
  • алкогольдік масаң күйде суға шықпаңыз;
  • қайықты пайдаланған кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін киіңіз;
  • қайыққа шамадан тыс жүк артпаңыз және қозғалыс кезінде орныңыздан тұрмаңыз;
  • суға шығар алдында қайықтың жарамдылығын, ескектердің, құтқару құралдарының және су өткізбейтін қаптағы телефонның болуын тексеріңіз;
  • қатты жел, найзағай кезінде немесе ауа райы күрт нашарлаған кезде балық ауламаңыз;
  • тайғақ жағалауларда, жарқабақтар мен пирстерде абай болыңыз;
  • балаларды су маңында қараусыз қалдырмаңыз;
  • жақындарыңызға балық аулайтын жеріңіз бен уақытын хабарлаңыз.

Есте сақтаңыз: су немқұрайлылықты кешірмейді. Қарапайым ережелерді сақтау өмір мен денсаулықты қорғауға және балық аулауды қауіпсіз демалысқа айналдыруға көмектеседі.

Шемонаиха ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі