
Бүгін Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының кезекті 24-ші сессиясы өтті.
Оған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, мәслихат төрағасы Денис Рыпаков, депутаттар мен тиісті басқарма басшылары қатысты.
Сессия барысында аймақ басшысы өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөнінде есеп берді.
«Өңір экономикасы қарқынды дамып келеді. Жыл басынан бері облыс экономикасына 542,2 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға артты. «Altay Invest-2025» халықаралық форумында 740 млрд теңгеге 41 меморандумға қол қойылды. 19 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның ішіндегі 14 мыңы тұрақты жұмыс орындары», - деді Нұрымбет Сақтағанов.