Еңбек нарығын трансформациялау өңірде өз жемісін беруде

Еңбек нарығын трансформациялау өңірде өз жемісін беруде

Биыл Шығыс Қазақстан облысында 30 мыңға жуық адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Жаңа жұмыс орындарының сапасы мен тиімділігіне цифрлық мониторинг жүргізіледі. ⠀  

Өңірлік жұмыспен қамту картасына сәйкес 11 мың тұрғын жұмысқа орналасқан. Жергілікті кәсіпкерлер цифрлық Электрондықеңбек биржасы платформасында тағы 4 мың бос жұмыс орнын орналастырды.

Облыста іске асырылып жатқан цифрлық трансформация жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын аударуын, электрондық еңбек шарттарын жасасуын ашық көрсетеді. Ал жұмыс орындарын субсидиялау өз кезегінде компания басшыларына еңбекақы төлеу қорына жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. ⠀

«Біз әлеуметтік осал азаматтарды жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше назар аударамыз. Жеке бастамаларды қолдау аясында 340 млн. теңгеге 216 өтеусіз грант беруді жоспарлап отырмыз. Электрондық еңбек биржасында жұмыссыздарға қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жүргіземіз. Ал жаңадан енгізілген «Мансап компасы» платформасында бүгінде кәсіби дағдыларын анықтау үшін 6 мыңнан астам оқушы тіркелді»,

- деді әкім Нұрымбет Сақтағанов.