Құтқарушылар су айдындарындағы қауіпсіздікті күшейтуде

Құтқарушылар су айдындарындағы қауіпсіздікті күшейтуде

Шомылу маусымы қызу жүріп жатыр. Құтқарушылар қауіпсіздікті қамтамасыз ету  мақсатында су айдындарындағы күнделікті рейдтерін жалғастыруда.

Алайда, демалушылар қорқынышсыз суға түсіп, өз өміріне қауіп төндіріп жатады және бұл үшін шомылуға болмайтын жабдықталмаған орындарды таңдайды.

Рейд кезінде құтқарушылар жағажайлардың жағалау учаскелерін қайықпен тексеріп, демалушылардың есіне шомылу кезіндегі қауіпсіздік шараларын салады.

Сонымен қатар, шомылу маусымы басталғаннан бері судағы қауіпсіздік шараларын бұзғаны үшін 24 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Профилактикалық рейдтердің басты мақсаты - су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың алдын алу, өйткені өңірде жаздың басынан бері 4 адам суға батып кетті.

ШҚО ТЖД мамандары демалушыларды тыйым салу белгілеріне мән беруге және суға шомылуға жабдықталмаған жерлер көбінесе жылдам ағынымен, тексерілмеген түбімен, иірімдермен қауіпті  екенін есте сақтауға шақырады.